Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада түнгі уақытта көшеде жүрген 53 жасөспірім полицияға жеткізілді

Жарияланған күні:

Кәмелетке толмаған балалар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақмолада түнгі уақытта көшеде жүрген 53 жасөспірім полицияға жеткізілді деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Өңір аумағында, жалпы еліміз бойынша 17-20 маусым аралығында “Түнгі қаладағы балалар” алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Мәселен, алдын алу іс-шарасының бір күні ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ақмолалық полицейлер төрт жасөспірімді полицияға жеткізді, оның үшеуі ҚР ӘҚБтК 435-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, біреуі ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін ұсталды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін бір кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық рейдтер кезінде ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 53 жасөспірімді анықтады, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі, 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Алты ата-анаға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды.

Кәмелетке толмаған балалар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Іс-шараның бірінші күні ақмолалық полицейлер жастар шоғырланатын 500 орынды қамтыды, олар ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, сауда нүктелері, жертөле және шатыр үй-жайлары, теміржол және автобус вокзалдары, саяжай шаруашылықтары және басқа да орындар. Тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша жауапсыз өмір салтын ұстанатын және өз балаларын тәрбиелеумен айналыспайтын 102 қолайсыз ата-ананы аралады.

Рейдтер барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына бейтаныс адамдармен жүріс-тұрыс, судағы, жолдардағы және демалыс орындарындағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіреді, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы саласында туындайтын мәселелер бойынша құқықтық және кеңестік көмек көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918449-aqmolada-tungi-uaqytta-kosede-zurgen-53-zasospirim-policiyaga-zetkizildi/