Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында автобустың қатысуымен болған апаттан үш адам қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: azh.kz

Атырау облысында тас жолда жеңіл автокөліктің жолаушылар автобусымен соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 18 маусымда сағат 16.00 шамасында Доссор-Құлсары тасжолында болған.

Toyota Camry жолаушылар автобусымен соқтығысты. Үш адам оқиға орнында қайтыс болды.

Әртүрлі жарақат алған екі зардап шегуші Мақат облыстық ауруханасына жеткізілді.

"Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережелерін бұзу әрекеті) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Еске салсақ, Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмғаны туралы жазған едік.

18 маусым сағат 19:20 шамасында Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы, ГМЗ айналма тас жолы бойымен Заречный айналма тас жолы жағынан Заречный-3 ауылына апаратын жаңа көпіріне қарай солға бұрылу маневрін жасау кезінде ГМЗ айналма тас жолы бойымен ГМЗ жағынан Заречный жағына басты жолда келе жатқан ВАЗ 2107 автокөлігімен соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918498-atyrau-oblysynda-avtobustyn-qatysuymen-bolgan-apattan-us-adam-qaitys-boldy-video/

pixel