Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда мас күйінде рөлге отырған ару көлігімен қоса өзенге аударылды (видео)

Жарияланған күні:

Көлік
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_official

Талдықорғанның 26 жастағы тұрғыны Range Rover-дің рөліне ие бола алмай, көлікпен бірге өзенге аударылған. Суға батқан көліктің ұрланғаны, ал бойжеткеннің мас екені әрі ода жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Аталған фактіге қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрдан өзенге құлап кеткен Range Rover көлігі мен оқиға орнында жүрген полицейлерді байқауға болады.

Автордың сөзінше, Ресейде тіркеуде тұрған жол талғамайтын көлік 19 маусым күні ұрланған.

"Міне, 2012 жылы шығарылған Range Rover. Мен ұйықтап жатқан кезде көлікті жігіт пен қыз ұрлап кетті. Рөлде қыз отырған", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді.

"Range Rover-ді 26 жастағы азаматша басқарған. Ол автокөліктің Қаратал өзеніне аударылуына жол берген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір көлік тұраққа қойылды. Факті бойынша тергеп-тексеру жалғасуда. Автокөліктің жалға алынғаны және жүргізуші оны жүргізуші куәлігі жоқ танысына басқаруға бергені анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес қыз рөлге мас күйінде отырған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер бойжеткенге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік материал жиналған.

Сонымен бірге, көлік иесінің арызы бойынша көлікті ұрлау фактісімен қылмыстық тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918727-taldyqorganda-range-rover-aidagan-mas-qyz-ozenge-qulap-ketti-video/