RU

Алматыда жеңіл көлік аударылып үш адам жарақат алды (фото)

Жол апаты
Фото: SPUTNIK / СТРИНГЕР

Алматыда такси көлігі аударылып, жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Орджоникидзе мен Руставелли көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің сөзіне сенсек, "Мерседес" көлігі Орджоникидзе бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Оның жүргізушісі "Жол бер" деген белгіні елемеген немесе байқамай қалған болуы керек, нәтижесінде көлік Руставелли көшесіне бұрылған. Осы кезде Lada granta көлігі де келе жатты.

"Мерседес" қатты жылдамдықпен Lada granta көлігінің бүйіріне соқтығысып, салдарынан Lada granta 180 градусқа бұрылып, аударылып қалды.

Жол апаты
Фото: SPUTNIK / СТРИНГЕР

Lada granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жарақат алды. Олардың екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына келіп жеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда мас күйінде рөлге отырған ару көлігімен қоса өзенге аударылғанын жазған едік.

Суға батқан көліктің ұрланғаны, ал бойжеткеннің мас екені әрі ода жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Аталған фактіге қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді.

Полицейлер бойжеткенге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, көлік иесінің арызы бойынша көлікті ұрлау фактісімен қылмыстық тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918785-almatyda-zenil-kolik-audarylyp-us-adam-zaraqat-aldy-foto/