Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сауда орталықтары сенбі-жексенбі жұмыс істемейді": Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіледі

Жарияланған күні:

Елорда
Фото: astana.gov.kz

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды деп хабарлайды primeminister.kz.

Сонымен елордада сенбі және жексенбі күндері азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан). Ал жұмыс күндері аталмыш нысандар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Сенбі және жексенбі күндері ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілері де (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс істемейді. Жұмыс күндері аталмыш нысандар 7.00-20.00 аралығында ғана қызмет көрсете алады.

Ал ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында жұмыс істей алады. Бұл ретте "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда.

Жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын уақытына келсек, оларға да демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан). Жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтай отырып, ашық ауада 100 адамнан асатын жаппай іс-шараларды (діни, спорттық және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған болатын.

Алдын ала талдау олардың 56 пайызында "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отырғанын көрсеткен.

Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізуді ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1918900-nur-sultan-qalasynda-karantin-kuseitiledi/