Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша жарық өшіп, тәртіпсіздік орнайтыны рас па

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде "әлемдік үкіметтің" жаңа жоспары талқылануда. Пайдаланушылардың пікірінше, жақын арада бүкіл әлемде электр қуаты өшіп, тәртіпсіздік орнайды. Бұл ақпарат жалған деп хабарлайды Stopfake.kz.

Порталдың жазуынша, желідегілер бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Шваб мәлімдегенін айтқан.

Шын мәнінде, Шваб осы және әртүрлі елдердің үкіметтерінде мұндай жоспарлардың бар екендігі жайлы ештеңе айтпаған. Бұл теорияның "дәлелі" ретінде ұсынылатын Клаус Швабтың сөзі іс жүзінде оның Cyber Polygon 2020-да сөйлеген сөзінен алынған үзінді.

Бұл түрлі саланың мамандары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейтін корпоративтік техникалық командаларға арналған киберқауіпсіздік бойынша жыл сайынғы іс-шара. Оның басты тақырыбы "Цифрлық пандемия: дағдарыстың алдын алу және барлық деңгейдегі киберқауіпсіздікті нығайту" болған.

Басылымның жазуынша, іс-шарада сөйлеген сөзінде Клаус Шваб әлем экономикасына айтарлықтай әсерін тигізетін кибер-шабуылға тап болуы мүмкін екені жайлы ой қозғайды. Бұған жол бермеу үшін адамдарға қазірдің өзінде тәуекелдерді бағалап, осындай жағдайлармен күресу үшін стратегиялар әзірлеу қажет. Cyber Polygon нақ осы мақсатта ұйымдастырылған.

Теорияның толық түсіндірмесін және ықтимал кибер-шабуылға дайын болудың неге маңызды екендігі жайлы Дүниежүзілік экономикалық форумның веб-сайтынан оқуға болады.

Биыл Cyber Polygon 9 шілдеде өтеді. Іс-шара аясында жеткізу тізбегіне шабуыл жасалады, мамандар оған барынша тез және тиімді тойтарыс беруі керек.

Осылайша, Stopfake.kz Cyber Polygon – бұл тек оқу-жаттығулар ғана, ал Клаус Швабтың сөздері ықтимал қауіпке жатады және қандай да болмасын үкіметтің жоспары емес екенін айтты. Оқу-жаттығулар аясында электр қуатын қасақана өшіру және әлемде тәртіпсіздік орнату сценарийлері қарастырылып отырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919310-alem-boiynsa-zaryq-osip-tartipsizdik-ornaityny-ras-pa/

pixel