RU

АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: 99 тұрғын хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында (видео)

АҚШ
Фото: Joe Raedle/Getty Images

АҚШ-та көпқабатты үй жартылай қирап қалды. Интернетте қайғылы оқиғадан қорқынышты кадрлар пайда болды. Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде үш адам қаза тауып, тоғызы жарақат алған.

Қайғылы жағдай Майами (Флорида) құрамына кіретін Серфсайд қаласында болып отыр деп жазады РИА Новости.

"Майами-Дейдтегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері 88-ші көше мен Коллинз Авеню аймағындағы ғимараттың жартылай құлаған жеріне келіп жеткен", - деп хабарлады жергілікті құтқару қызметінен.

Құтқарушылардың айтуынша, ғимаратта орналасқан 130 пәтердің жартысына жуығы қираған. Оқиға орнында 80-нен астам топ жұмыс істеуде. Полиция 53 тұрғынмен байланыс орнатып үлгерді, 99 тұрғын хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында. Сонымен бірге округ әкімі Даниэлла Лавин Кава 102 тұрғынның орналасқан жері анықталғанын, олар қауіпсіз жерде екенін айтты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, үш адам қаза тапқан. Кем дегенде тоғыз адам жарақат алған. 40-қа жуық адам құтқарылғаны белгілі болып отыр.

Әзірге ғимараттың ішінде нақты қанша адам болғаны және апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Ескерту: Төмендегі фото мен видеоларды жүйкесі жұқа, жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен кәмелет жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды!

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында жеке үйде жарылыс болып, салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

"Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Оның ішінде үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919374-aqs-ta-12-qabatty-gimarat-qulady-99-turgyn-xabar-osarsyz-ketkenderdin-qatarynda/