628-і Нұр-Сұлтаннан: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1730 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 416 442-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronunavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 628,
Алматы қаласы - 217,
Шымкент қаласы - 73,
Ақмола облысы - 32,
Ақтөбе облысы - 31,
Алматы облысы - 41,
Атырау облысы - 89,
Шығыс Қазақстан облысы - 82,
Жамбыл облысы - 34,
Батыс Қазақстан облысы - 98,
Қарағанды облысы - 219,
Қостанай облысы - 36,
Қызылорда облысы - 28,
Маңғыстау облысы - 39,
Павлодар облысы - 35,
Солтүстік Қазақстан облысы - 21,
Түркістан облысы - 27.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қосымша тексеріс жүргізу мақсатында 54 науқастан сынама алынған болатын.
Алдын ала талдау олардың 56 пайызында "үнді" штамы расталып ("Дельта" штамы) отырғанын көрсеткен.
Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша карантиндік шектеулер енгізуді ұсынған еді.
22 маусымда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Оның барысында елордада карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919435-628-i-nur-sultannan-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-kurt-osti/