Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында вакцина салдырғандарға ақшалай сертификаттар берілмек

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов министрлер кабинетінің отырысында өңірде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға ақшалай сертификаттар табыстауды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Осылайша, жергілікті билік халық арасында COVID-19-ға қарсы вакцина салдыру қарқынын арттырмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысы 26 маусымнан бастап коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта екендігін, осыған байланысты аймақта карантин күшейтіліп, шектеу шараларының мерзімі ұзартылғанын еске салды.

Әкім сондай-ақ, облыстағы вакцинация науқанының барысы туралы хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінге дейін аймаққа вакцинаның бірінші компонентінің 120 200 дозасы және екінші компоненттің 117 200 дозасы жеткізілген. Вакцинаның бірінші компонентін 81 861 адам, екіншісін 44 827 адам салдырған.

"Өткен аптаға қарағанда облыста вакцина салдыру қарқынының жоғарылағаны байқалады, вакцинамен қамту 41% -ға өсті. Облыста вакцина салдырғысы келетіндер үшін 41 екпе пункті ашылды, оның 10-ы жылжымалы. Сонымен қатар, халық арасында вакцина салдырудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыста вакцина салдыру көрсеткішін жақсарту, вакцина салдыруға одан әрі ынталандыру мақсатында сауда және ойын-сауық орталықтарында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Сонымен бірге, демеушілердің көмегімен 30 маусымнан бастап вакцина салдырғандарға ақшалай сертификаттарды тапсыру жоспарланып отыр - бұл туралы ақпарат бүгіннен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл оң серпін береді деп ойлаймын", - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919934-atyrau-oblysynda-vakcina-saldyrgandarga-aqsalai-sertifikattar-berilmek/

pixel