Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекайдар Төлегенов: Халыққа берген уәде орындалады

Опубликовано:

Бекайдар Төлегенов11
Фото: Бекайдар Төлегеновтің жеке мұрағатынан

Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасында облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ел назарындағы мәселелер түгел қамтылған бағдарлама. Шымкент қаласының Сайлауалды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды.

Партияның Шымкент қаласы бойынша сайлаулды бағдарламада белгіленген топ 10 басымдылық бойынша Жол картасы әзірленіп, 2025 жылға дейін әр жылға межеленген жұмыстар бөлек-бөлек даярланды.

Депуттаттар өздеріне бекітілген бағыттар бойынша тындырымды тірліктер атқаруда: фракция отырысында әр бағыт бойынша мәслихат депуттары бекітіліп, жоспарлар нақтыланды. Қазіргі таңда біз осы міндеттер мен тапсырмалардың нақты орындалуына білек сыбана кірісіп, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша нақты жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.

Бірінші бағыт "Тұрғын үймен қамту" мақсатында 2021 жылы 51 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд теңге қарастырылды.

"Әлеуметтік саланы дамыту" бағытында білім саласында қуанышты жаңалық көп. Биылғы жылы 32 мектептің құрылысы басталып, 20 мектепті пайдалануға беру көзделуде. Оның ішінде бюджет есебінен 4 мектеп болса, 16-сы жеке инвесторлардың есебінен салынып жатыр.

Шымкент жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастайды. Үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға дейін төмендейді.

Жалпы 2025 жылға дейін Шымкентте 68 500 орындық 72 мектеп бой көтереді.

Шымкентте биыл білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасына көп көңіл бөлініп отыр. Мектептерді жабдықтауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Қала мектептеріндегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Сол себепті мектептер физика, химия, биология, робототехника, СТЕМ-ге арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады. Жабдықталу 32 пайыздан 60 пайызға өседі.

Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021 жылы жұмыспен қамту жол картасы есебінен (2,8 млрд теңге) Қажымұқан атындағы орталық стадион қайта құрудан өтеді.

"Экономикалық әлеуетті жақсарту" бағытында 2021 жылы 43,7 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылады, 839 жұмыс орындары ашылады. Соныменен қатар, 3 индустриалдық аймақ ашу жоспарланды.

Қаламыз мегаполис болғалы қосылған елді мекендердің мәселелері партия бағдарламасының өзекті де ауқымды бағыты - шалғайдағы елді мекендерді дамыту және инфрақұрылым мәселесін шешу мақсатында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралдық және 10 елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 16 ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралдық, 11 елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен 93 пайызға, сапалы электрмен 97 пайызға жететін болады.

"Жолдар және көлік инфрақұрылымы" бағытында

2021 жылы 7 магистралды, 52 ішкі орамдық, шалғай елді мекендерде 50 көшеде орташа жөндеуге 30,1 млрд теңге қаржы қаралды.

Шымкентте қазіргі уақытта 295,3 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 92,2 шақырым магистралды, 203,1 шақырым ішкі орамдық көшелер.

Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 ірі жолайрықтың құрылысы жоспарланып, бұл жылы 2-уінің құрылысы басталды. 1 жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі жыл соңына дейін 63,6 пайызға жетеді.

Қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңаланады. Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 300-і жолға шықты, жыл соңына дейін 290 жаңа автобус қосылады. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар. Сондай-ақ, партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында автобустарда мүгедектерге қолайлы құрылғылар қарастырылған.

"Қоғамдық қауіпсіздік" бағытында 3740 бейнебақылау камералары іске қосылады, қаладағы барлық мектептерде ішкі бейнебақылау камералары орнатылады, 4 аудандық полиция басқармасының жанынан "Бір терезе" қағидаты бойынша фронт-офистер ашылды.

Балалардың қауіпсіз ортада білім алу үшін, іште әжетханасы жоқ 36 мектепке қосымша әжетхана салынып, бұл мәселе толығымен шешімін табады. Сонымен бірге, соңғы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау мен адамның түр-тұлғасын анықтайтын кіргізіп-шығару жүйесі жаңа оқу жылына дейін 100 пайызға орнатылатын болады.

"Қаланы цифрландыру" бағытында Интернет сапасы төмен шалғайдағы орналасқан 16 тұрғын алаптарына 2021 жылы оптикалық желілер жеке инвесторлар есебінен тартылады.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізу барысында фракция мүшелері белсене жұмыс атқаруда. Ай сайын орындалуы бақылауға алынып, сапасы мен тиімділігі қадағалануда. Себебі, біздің мақсатымыз - халыққа берген уәдемізді толық орындап, қаламыздың гүлденуіне, халық жағдайын жақсартуға үлес қосу. Осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беріп, тың серпіліспен алда болуға біз әрқашай дайынбыз. Бұның бәрі бағдарлама аясында жүзеге аспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1920265-bekaidar-tolegenov-xalyqqa-bergen-uade-oryndalady/

pixel