Батыс Қазақстанда сегіз жасар бала суға батып кетті
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға батып кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болған. Сағат 20.00-де сегіз жасар бала шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен.
Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20.40-та шығарып алды. Осымен өңірде жыл басынан 13 адам суға кетсе, соның бесеуі - жасөспірімдер.
БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керек екенін еске салады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1920962-batys-qazaqstanda-segiz-zasar-bala-suga-batyp-ketti/