Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Сағынтаев: Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай күрделі екенін мәлім етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Қала басшысы "Алматы" телеарнасындағы тікелей эфир барысында мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал ағымдағы жылдың 18 маусымында СЭБД мамандары тіркеген "дельта" штаммының таралуына байланысты күрделене түскенін жеткізді.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, коронавирустың мутацияланған штамдарын зерттеу жалғасып жатыр.

1 шілдедегі зерттеулер нәтижесі бойынша коронавирус науқастарынан алынған 88 сынаманың нұсқалары анықталды, 67 сынамада "дельта" (76%), 14-інде (16%) "альфа" (британдық), 2-уінде неден пайда болғаны белгісіз, 3 нәтиже теріс (3,4%), 1-інде (1,1%) COVID-19 (уханьдық).

Ал 3 шілдеден бастап жүргізілген зерттеулер алынған 45 сынаманың нұсқалары 35-і "дельта" (78%) , 6-ы (13%) "альфа" (британдық) және тек 1-і (2,2%) COVID -19 (уханьдық) штамын көрсетті.

Сонымен қатар, мегаполис басшысы симптомды науқастар саны арта түскенін атап өтті. Соңғы 7 күнде алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп отыр.

Дельта» нұсқасының айналымы 46%-дан 73%-ға дейін жылдам, бұл коронавирустың ауыр клиникалық көріністеріне апарады.

"Соңғы 2 аптадағы жас құрылымын талдау балалар мен жастарға "Дельта" штамының тез жұғатынын көрсетті. Мысалы, 1 жасқа дейінгі науқас балалардың үлесі салмағы 0,7% - 2,8% дейін өсті; 14 жасқа дейінгі балалар 0,4% - 15,0% дейін; 15 - 19 жас аралығындағы жасөспірімдер - 0,8% - 5,2% дейін және 40 - 59 жастағы азаматтар - 1,5% - 24,7%",- дейді ол.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын балалар мен жасөспірімдердің жағдайына ерекше назар аударуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921309-baqytzan-sagyntaev-almatyda-epidemiologiyalyq-zagdai-kurdeli/

pixel