Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығады": Отандық дәрігер мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Емделу
Көрнекі фото: pexels.com

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов аллергиктер коронавирусқа жиі шалдығатынын жеткізді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таир Нұрпейісов "дельта" штамының таралу қаупімен қатар, аллергиялық аурулардың ең көп таралуына себеп болатын арамшөптердің гүлдену кезеңі басталғанын сөз етіп, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды.

Оның сөзінше, аллергиктер аллергиясы жоқ адамдарға қарағанда COVID-19-бен жиі ауырады.

Демікпеге қарсы препараттарды қабылдау, тіпті, коронавирустық пневмонияның жеңіл ағымына әсер ете алады.

Аллергиялық риниттің иіс пен дәмді сезбеу, жөтел, әлсіздік, дене қызуы, бас ауруы секілді белгілері COVID-19 симптомдарына ұқсас болуы мүмкін, дейді маман.

Таир Нұрпейісов антибиотиктер 80 пайызға дейін аллергиялық реакцияға себеп болатын дәрілердің ішінде бірінші орында тұрғанын атап өтті. Сондықтан өз бетінше емделмей, маман көмегіне жүгінген жөн.

Аллергияға шалдығып, дәрі қабылдауға мұқтаж болсаңыз, оларды мысалы, левоцетиризин секілді антигистаминді дәрілік заттардан бастаған абзал. Олар шоктың даму қаупі мен аллергиялық асқынулардың қаупін азайтады, дейді республикалық аллергологиялық орталықтың басшысы.

Сонымен қатар маман диета ұстап, дүрбелеңге жол бермеуге шақырды.

Оның сөзінше, аллергияны тоқтататын дәрілер сатылымда бар әрі қолжетімді.

Сонымен қатар, Таир Нұрпейісов биологиялық белсенді қоспалар, поливитаминдер мен өсімдіктен жасалған препараттарды қолданбаған дұрыс деген пікірде. Өйткені пайдасынан қауіптілігі жоғары болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921487-allergikter-koronavirusqa-zii-saldygady-otandyq-dariger-malimdeme-zasady/