Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі тұрғын iPhone12 ұтып алды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандар арасында iPhone12 телефонының екі данасының, сол сияқты түрлі демеушілердің сыйлықтарының ұтыс ойынын өткізді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) сағат 20:00-де вакциналанған азаматтар арасында екі iPhone12 ойнатылды. Бірінші ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Оның барысында 259 мың 115 адам вакцина алды. Ұтыс иегерлерін анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер қызметі орнатылып, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдады. Бұл сервис Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен біріктірілген. Сонымен осы аптада екі iPhone12 телефонының иегерлері: Жадауова Жанар Абилдаевна (ID нөмірі: 79642);

Сорокина Тамара Ивановнаға (ID нөмірі: 203369).

Елорда әкімдігі жаздың соңына дейін апта сайын iPhone12 телефонының екі данасын ұтысқа қояды. Осылайша жалпы саны 20 iPhone смартфоны ұтысқа қойылады. Қала әкімдігі ұйымдастырған ұтыс ойыны осымен біткен жоқ. Түрлі демеушілердің сыйлықтары да ұтысқа қойылды.

Нақтырақ тоқталар болсақ: «Technodom» сауда үйі ұсынған екі планшетінің жеңімпаздары: Ажикенова Мадина Берикболовна (ID нөмірі: 7888);

Жакупов Бауыржан Замашевич (ID нөмірі: 254191).

«Mechta» сауда үйі ұсынған екі видеотіркеуіштің иегері:

Котлярова Мария Григорьевна (ID нөмірі: 15036);

Умерсеитов Нил Жамшитович (ID нөмірі: 87529).

«Белый ветер» сауда үйі ұсынған көпфункциялы құрылғының бес данасын жеңіп алғандар: Мухамеджанова Батизя Жиреновна (ID нөмірі: 242853);

Саукелеева Нұрсұлу Кәрімжанқызы (ID нөмірі: 30320);

Хабибуллина Евгения Камильевна (ID нөмірі: 224276);

Устюгов Анатолий Геннадьевич (ID нөмірі: 56683);

Умурзаков Даулет Жанболатович (ID нөмірі: 25485).

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылуда.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұтысқа екі бөлмелі пәтердің қойылғанын хабарлаған. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Аталған ұтыс ойынына барлық сауда үйлері мен медициналық мекемелерде вакцина алғандар қатысады. Бұл ұтыс ойыны демеушілердің көмегімен жүргізіледі.

Сол сияқты MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакцинацияланғандар арасында автокөліктің ұтысы өтетінін жариялаған болатын. Елордада өткізіліп жатқан ұтыс ойындары тұрғындардың вакцинациялауға деген белсенділігін арттыру үшін жасалып жатқан шара. Ал ең маңыздысы — ұжымдық иммунитетті дамытып, карантинге дейінгі қалыпты режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921861-nur-sultanda-vakcina-algan-eki-turgyn-iphone12-utyp-aldy/

pixel