Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында тәртіптік жазаға тартылған әкімдер сайлауға жіберілді

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында тәртіптік жазаға тартылған бес ауыл әкіміне сайлауға қатысуға рұқсат берілді. Бұл туралы Екібастұз қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сансызбай Төлеубаев баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ия, әрине, осынша жыл жұмыс істеп келген әкімдердің қатысуына мүмкіндік бермей қойса, реніш болар еді. Бірақ бұл жолы Екібастұз ауылдық округінде жұмыс істейтін бес әкімге сайлауға қатысу мүмкіндігі берілді. Қазіргі уақытта бұл әкімдерді Nur Otan саяси партиясы ұсынып отыр", - дейді Сансызбай Төлеубаев.

Заңға сәйкес, соңғы үш жылда теріс әрекеті үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адам мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Соған қарамастан әкімдердің сайлауға қатысуына не себепті рұқсат берілді деген сұраққа агенттік төрағасы келесідей жауап қатты.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұны тағы бір қарап, заң тұрғысынан саралап, оларға сайлауға тиісті құжаттармен қатысуға мүмкіндік берді", - деп түсіндірді спикер.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр және маусым айларында жоғарда аталған ауылдық окгрутің бес әкімі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы заңбұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Олардың барлығы өз округтерін бірнеше жылдан бері басқаруда.

Жалпы Павлодар облысында 44 ауылдық округтің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. 168 адам өзін үміткер ретінде ұсынған. Оның 118-і - әйел, 50-і - ер адам. Қазірдің өзінде 126 үміткердің заң талаптарына сәйкестігі тексерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1921919-pavlodar-oblysynda-tartiptik-zazaga-tartylgan-akimder-sailauga-ziberildi/