Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Оралов Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Асхат Оралов
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Нұр-Сұлтан әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Оралов Асхат Раздықұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Әр жылдары "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Астана қаласы астар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып саналады. Әкім орынбасары ретінде Асхат Оралов әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.

Ерлан Бекмұрзаев
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Сонымен қатар, президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және т.б. сарапшы болып жұмыс істеді.

Асхат Оралов пен Ерлан Бекмұрзаев меротократия қағидатына сәйкес жолдан өткен тәжірибелі мамандар болып саналады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов олардың алдына бірқатар міндет қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922077-asxat-oralov-nur-sultan-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/