Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүлделерді ұтысқа салу: гивтер дегеніміз не және олар несімен қауіпті болуы мүмкін

Опубликовано:

Гив
Фото: Ашық дереккөз

Гив – жаңа ұғым, десе де қазақстандық жастарға әбден таныс. Бүгінде Instagram-дағы ұтыс ойындары танымал болғаны соншалық, олар туралы естімеген адам кемде-кем және көпшілігі бағалы сыйлыққа немесе қомақты қаражатқа үміттеніп, қатысып көрген де болар деп хабарлайды NUR.KZ.

Әрине, ниеті таза емес жандар да адамдардың сенімін өз мүддесі үшін пайдалану мүмкіндігнін жібере қоймағаны анық.

Гивтің не екенін анықтап көрейік. Бұл сөз «тарату» деп аударылатын ағылшындық giveaway сөзінен шыққан. Гив - бұл әдетте блогерлер және танымал адамдар немесе ұйымдастырушылардың «танымал» есімдер мен материалдардық тұрғыдан қамтамасыз ететін демеушілерді тарта отырып өткізетін сыйлық ұтысы. Оның мақсаты - мүмкіндігінше көп жазылушыларды жинау.

Сонымен қатар, гивтердің көмегімен ақша табуға болады. Мысалы, ұйымдастырушылар демеушілерден жиналған жалпы соманың 30-40% -на дейінгі, ал блогерлер 20-30% дейінгі бөлігін иемдене алады. Мысал ретінде Тиматидің бюджеті 25,2 миллион рубльге тең гивін келтіруге болады – рэпер Porsche Carrera 911-ді ұтысқа қойған. Бюджетті 140 демеуші жинады, олардың әрқайсы 18 мыңнан қаражат бөлді. Осы соманың ішінен рэпер көлікке бар болғаны 5 миллион рубль жұмсаған, қалған қаражатты өзі алған. Бірақ мұндай жарқын мысалдар жоқтың қасы деуге болады.

Алайда, кейінірек блогерлер гив аккаунтты дамытуы да, оған зиян келтіруі де мүмкін екендігін түсіне бастады. Бұл Instagram алгоритмдерімен және сыйлықтарға бола «келетін» жазылушылардың «тұрақсыздығымен» байланысты, жазылушылар әдетте ұтқан немесе ештеңе ұтпаған жағдайда барлық жазылымнан бас тартып жатады.

Жаппай жазылымнан бас тартуды әлеуметтік желі теріс қабылдайды және ондай профайлдар мазмұнының «инста» алгоритмдерімен ілгерілеуі күн санап азая береді. Осы перспективаны түсініп, кейбір блогерлер мұндай күмәнді артықшылықтары бар ұтыс ойындарын жүргізуден бас тартып жатады. Десе де олардың орнын өзге адамдар басты – әруақыт әділ өте қоймайтын өзгеше жолмен ақша табудың әдісін тапқандар.

Жазылушыларды бағалы сыйлықтар, сыйлық ретінде ұтып алуға болатын үлкен қаражаттардың көмегімен жинайды. Сондай-ақ, заңсыз лотереялар өткізіледі, ол үшін 100-ден 1000 АЕК-ке дейінгі қомақты айыппұл (291 700 - 2 917 000 теңге) да қарастырылған.

Жалған парақшалар
Скриншот: Ашық дереккөз

Қатысушыларға әдетте ұтыс ойынына қатысатын лотерея билетін сатып алу ұсынылады. Қазіргі уақытта лотереяның ресми операторы тек "Сәтті Жұлдыз" АҚ екенін ескеріңіз.

Заңсыз лотереяларда адамдардан ұтыс ойынын өткізуге арналған лоторея билеттерін сатып жатқандарына сендіріп, сол үшін белгілі бір сомадағы қаражатты аударуды сұрайды – әдетте бұл өте үлкен сома емес, десе де жағдайы орташа қазақстандықтың бюджетіне салмақ түсіруі мүмкін.

Мұндай ұтыс ойындарына адамдардың сенімін арттыру үшін олар «жұлдыздарды» пайдаланады, жұлыздар тіпті гив өткізіп жатқанынан бейхабар болуы мүмкін.

Ол үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Өз гивтеріне мүмкіндігінше көбірек қатысушыларды тарту үшін танымал адамдардың жалған аккаунттары қолданылады немесе шынайы аккаунттарын бұзып, иемденіп жатады. Екі жағдайда да ғажайып сыйлықтар уәде етіледі, себебі ұйымдастырушылар профайлды мүмкіндігінше тезірек «қолданып үлгеруі» керек. Бірінші жағдайда, шағым түскеннен кейін, акаунт бұғатталады, екіншісінде иесі оны қайтаруды талап етеді және оның шағымынан кейін аккаунт әлдеқайда тез бұғатталады.

Бірақ кейде «жұлдыздардың» өзі гив ұйымдастыруға қарсы емес. Мәселен, әнші Ернар Айдардың гив ойнатамын деп басы дауға қалғаны хабарланған еді. Ол және оның таныстары әлеуметтік желіде көліктер, тұрмыстық техника және тіпті пәтерді сыйлық ретінде ұсынған жалған лотерея өткізді деп күдіктенді. Оның үстіне, іс жүзінде ұйымдастырушылардың ешқандай жүлделері болған жоқ, бірақ қатысушыларды олардың бар екендігіне сендіру үшін көліктер жалға алынды.

Құны бірнеше миллион болатын көлік ұтып алу үшін қатысушыларға 9 900 теңгеге лотерея билетін сатып алу қажет болды, барлығы 20 000-ға жуық билет сатылды. Нәтижесінде барлық қатысушылар қамауға алынды, әкімшілік хаттамалар құрылды және сотқа жіберілді. Әншінің өзі алдаудың құрбаны болғанын алға тартты.

Алаяқтардың құрығына түспеудің жолдары қандай?

Әрине, көпшілігіміз миллиондар немесе ең болмағанда айфон ұтып алуды армандаймыз және миллиондардың, көлік пен жылжымайтын мүліктің иесі атанып жатқан бақытты жандар жоқ еместігін айта кету керек, олар дер кезінде қажетті жерден табылудың арқасында бұған қол жеткізіп отыр және мұндай жағдайда ешқандай алдау болмайды.

Гив
Фото: Ашық дереккөз

Бірақ бұл үшін сізге барынша қырағы болу қажет. Мәселен, мұндай ұтыстарда профиль сипаттамасындағы сілтемелерге жүгінбеуіңіз керек, себебі сіз фишингтік сайттарға тап болуыңыз мүмкін, онда пайдаланушыдан жеке деректер мен банктік картаның деректемелерін енгізу сұралады, содан кейін барлық қолжетімді қаражат шоттан ғайып болады.

Танымал адамның профилін бұзу – сирек кездесетін жағдай, содан кейін аккаунтта көк түсті белгі бар-жоғын тексерген жөн – бұл белгі парақшаның дәл осы «жұлдызға» тиесілі екенін растайды. Жазылушылар мен жазбалардың санына қараңыз – жаңадан құрылған аккаунт бірден байқалады.

Байқау сипаттамасында стилистика мен грамматикаға назар аударыңыз - егер сипаттама профайлдағы әдеттегі мәтіндерден өзгеше болса, онда абай болуыңыз қажет. Және де сіз сауалнамаларға, сыйлықтар мен байқауларға қатысу үшін ештеңе төлемеуіңіз керек, әсіресе егер мәселе үлкен қаражатқа келіп тірелетін болса, сондай-ақ «сыйлық жіберу үшін комиссия» ақша сұраса, бермеңіз.

Ал егер сіз шынымен iPhone немесе басқа бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігін иеленгіңіз келсе, онда ресми лотереяға назар аударған жөн. Қазақстанда мұндай ресми лоторея - «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы болып табылады.

Бар-жоғы 200 теңгеге сіз 2021 жылдың 3 тамызында iPhone 12 PRO MAX 256 GB ойнатылатын Smart Loto лотереясына билетті сатып ала аласыз. Жеңімпаз 7500 қатысушы билеттер арасында кездейсоқ сандар генераторы көмегімен анықталады – қатысушылардың саны дәл осындай болуы ойынды өткізу үшін міндетті шарт болып табылады.

Айта кету керек, «Сәтті Жұлдыз» лотереясы ұлттық лотерея болып табылады әрі Қазақстан Республикасы заңнамасының және халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар ойын табысының 15%-ы елдегі спортты дамытуға аударылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1922801-zuldelerdi-utysqa-salu-givter-degenimiz-ne-zane-olar-nesimen-qauipti-boluy-mumkin/

pixel