Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 78 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордада 78 жастағы анасын қорлаған баласы 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеруде.

Отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел өзінің 56 жастағы ұлының спирттік ішімдіктерді ішіп, үйге мас күйінде келіп, оған балағат сөздер айтып, қақтығысып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені туралы жүгінді.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жыл мерзімге мінез-құлыққа ерекше талап қойылған ретінде есепте тұрған.

Алайда ол түзелу жолына түспеген. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Еске сала кетсеке Елордада балалар арбасын қолды қылған жас келіншектің әрекеті әшкере болған еді.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жүгінген әйел кіреберістегі баспалдақ астында тұрған, құны 45 мың теңге болатын балалар арбасының қолды болғанын айтқан.

Тұрғынның арызынан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде күдікті әйел анықталып, ұсталған.

Ол 27 жастағы келіншек болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923562-nur-sultanda-78-zastagy-anasyn-qorlagan-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel