Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

46 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі: ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ел тұрғындарына аса қажеттілік болмаса далаға шықпауды ескертеді. Себебі таяу күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтілуде.

Осы орайда ТЖМ қазақстандықтарға:

  • ағзаны сусызданудан қорғау үшін күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішуге;
  • аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартуға;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге түспеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабуға;
  • күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) киюге кеңес беріп отыр.

Одан бөлек, ведомство ыстық ауа райында балаларға да ерекше назар аударуға шақырды.

"Сонымен қатар, азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралы сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті өртеу, найзағай болып табылады", - дейді ТМЖ өкілдері.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК-ның болжамынша, 24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, 24 шілде күні күндіз Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Ақмола облысының батысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде өрт қаупі сақталады.

24-25 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде сынап бағанасы 44 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық күтіледі. Аймақта өрт қаупі сақталады.

25-27 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 44 градус қатты ыстық күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923656-46-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-kutiledi-tzm-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel