Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуелі анасымен Меккеде таныстым": Токио жүлдегері Елдос Сметовтің жұбайы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Елдос Сметов әйелімен
Фото: instagram.com/baitakovna

Кеше дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Олимпиада ойындарында екінші мәрте медаль алды. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ танымал спортшының отбасылық өмірі туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынады.

Елдос Сметов Тараз қаласының тумасы. Ол бірнеше жылдан бері дзюдодан Қазақстан намысын абыроймен қорғап келеді.

Атап айтар болсақ, бүгінге дейін Елдос Азия чемпионаты, Азия ойындары мен әлем чемпионатныда, Гранд-слэм, Гран-при турнирлерінде топ жарған. Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанса, 2021 жылғы Токио Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы медальді салып, қола жүлде жеңіп алды.

Елдос Сметов 2017 жылы отбасын құрған. Оның жұбайының есімі – Балауса Әділжан. Бүгінде бақытты отбасы екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Балауса әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады. Ол ұл-қыздарының суреттерін жиі жариялап, жолдасы Елдосқа да үнемі қолдау көрсетіп отырады. Мәселен, Токио Олимпиадасының қарсаңында Балауса күйеуіне сәттілік тілеп: «Аллахым тек абыроймен келуіңізді нәсіп етсін», - деп жазды.

Елдос Сметов әйелімен
Фото: Instagram

Балауса мен Елдостың қалай танысқаны туралы желіде нақты ақпарат жоқ. Алайда, желіде оқырмандар сұрағына жауап берген ол алдымен Елдостың өзімен емес, анасымен танысқанын айтады. Балауса болашақ күйеуіне тұрмысқа шықпас бұрын, оның анасымен Меккедегі қажылық кезінде танысқан.

Айта кетелік, Елдос Сметов кеше Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленіп, Қазақстан тарихында Олимпиада жүлдесін екі рет еншілеген спортшылар қатарына енді. Ол Токио ойындарының жартылай финалында жапондық Наохиса Такатодан ұтылып, қола медаль үшін күресте Нидерланд өкілінен басым түсті.

Сондай-ақ, Елдос бұл Олимпиадада жеңіске жету үшін барын салғанын да жасырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1923804-aueli-anasymen-mekkede-tanystym-tokio-zuldegeri-eldos-smetovtin-zubaiy-turaly-ne-bilemiz/