Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар "Алакөлдегі дельфиндер" туралы видеоны талқылап жатыр

Жарияланған күні:

Дельфиндер
Видеодан кадр: od.vgorode.ua

Қазнет қолдаушылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дельфиндер бейнеленген видеоны талқылап жатыр. Бейнежазбаның Алакөлде түсірілгені айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алакөлде. Бүгін 24 шілде. Не болып жатқанын көрдіңіздер ме? Мұндай бұл жерде ешқашан болмаған. Биыл қызық жағдай болып отыр. Су да басқаша. Дельфиндерді бірінші рет көргеннен кейін кейбір адамдар жүгіріп шықты. Оларды біреу жіберген болуы керек", - дейді видеодағы ер адам.

Әлеуметтік желі қолдаушылары бұл видеоны қызу талқылауда, алайда көпшілігі видеоның Алакөлде түсірілгеніне сене қоймаған.

"Бұл бізде емес, біздікілер таспен атар еді. Бұл 100 пайыз Сочиде түсірілген видео", "Бұл әзіл ме?", - деп күмәнданды қазақстандықтар.

Пікір қалдырушылар қателеспеген болып шықты. Видео расыменде Қазақстанда емес Украинадағы Одесса шығанағында түсірілген. Бұл туралы od.vgorode.ua порталы хабарлады.

Жағажайдағы шоу демалушылардың таңданысын тудырған. Адамдар эмоциясын жасыра алмай, дельфиндерді видеоға түсіріп алған.

Одан бөлек, басылым Қара теңізде 250 мыңдай сүтқоректілер тіршілік ететінін, олардың кейбірі Одесса шығанағына жиі келетінін атап өткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алакөлдің Алматы облысы Көктума ауылы жағындағы жағалауда демалып жатқандар дабыл қаққан еді.

Жұртшылық жағажайда дәретхананың жоқтығы көлдің былғануына әкеліп жатқанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924022-qazaqstandyqtar-alakoldegi-delfinder-turaly-videony-talqylap-zatyr/