Жаңа шектеулерге байланысты қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме
Жарияланған күні:
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов жаңа шектеулерге байланысты қазақстандықтарға 42 500 теңге төленетіні-төленбейтіні туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қаулыдағы жағымды жаңашылдықтың бірі – 2 тамыздан бастап Ashyq қосымшасында кинотеатрларға, бильярд бөлмелеріне, компьютерлік театрларға рұқсат берілетін болады. Қазіргі орнаған жағдайды толық локдаун деп атауға болмайды, бұл әзірге демалыс күніндегі шектеу ғана. Ashyq-та барлығына бірдей құқық беріледі, әрине, белгілі бір бизнес шығындары болуы мүмкін, алайда 42 500 теңге төлеу керектігі туралы айтуға негіз жоқ", – деді Мырзахметов.
Ол карантиннің күшеюі кірістерге шектеулер енгізетіндігін атап өтті, бірақ бизнес аптасына бес күн жұмыс істей алатынын, ал бір аптаның ішінде жағдай жақсаратынын еске салды.
"Бір аптадан кейін біз талдау жасаймыз, егер жағдай тұрақталса, біз әрі қарай жылжи береміз", – деді Мырзахметов.
Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі ОКҚ-дағы онлайн брифингте өткен және биылғы жылы коронавирус жұқтыру көрсеткішін салыстырды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге ол елдегі төсек-орын саны 1,4 есеге артқанын атап өтті. Бүгінгі күні республикада жұқпалы төсектердің қамтылуы 53%, реанимациялық төсектердің қамтылуы 43%-ды құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924448-zana-sekteulerge-bailanysty-qazaqstandyqtarga-42-500-tenge-tolene-me/