Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өкпеге арналған антибиотик: пульмонолог азитромициннің пайдасы туралы айтты

Жарияланған күні:

пульмонолог Саттар Ералиев
Пульмонолог Саттар Ералиев. Фото: NUR.KZ

Коронавирус біздің өмірімізге күтпеген жерден келгені сонша, тұрғындар да, медициналық қызметкерлер де осыншама күрделі әрі әлі зерттелмеген ауруға дайын болмады. Емдеу хаттамалары қайта-қайта өзгеріліп, бір дәрі-дірмектер алынып, басқалар қосылған болатын. Олардың ішінде Саттар Ералиевтың айтуы бойынша, ерекше қасиетке ие азитромицин антибиотигі болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Азитромицин кең ауқымды әрекет ететін антибиотик болып табылады, алайда ол дәрігердің айтуынша өзгелерден ерекшеленеді.

«Азитромицинді біз антибиотик ретінде білеміз, алайда шын мәнінде ол қабынуға қарсы басқа да қасиеттерге ие. Алғаш рет бұл қасиет, әдетте антибиотикке тән емес екенін жапондық ғалымдар анықтады және оны ерте емдеуге келмейтін ауруларды емдеу үшін қолданды. –ОША- да қатаң жергілікті тұқым қуалайтын «диффузиялық панбронхиолит» ауруы бар, онда бронх жасушалары көп көлемді шырыш бөле бастайды, ол бронхты бітеп, ақыр аяғында өлімге алып келеді. Азитромицин осы ерте бақыланбайтын қабынуды басып тамаша нәтиже көрсетті, ал адамдар өмір сүруге мүмкіндік алады», -дейді дәрігер.

Азитромициннің осы қасиетін есепке ала отырып, оны өкпенің созылмалы обструктивті ауруларын (ӨСОА) емдеу үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда, негізінде жұқпалы емес ауыр өтетін ауруларда азитромицин бір жылға дейін қолданылады. Мұның жаппай жағдай емес екендігі түсінікті және бұл шешім ұзақ қолдану салдарынан ықтимал жанама әсерлер болғандақтан дәрігерлер консилиумымен қабылданады.

Осы бірегей қасиеті арқасында азитромицин COVID-19 емдейтін хаттамасына енгізілді, алайда өкінішке орай (әзірге) короновирус тек бір дәрімен емделмейді. Оның есесіне, азитромицин осы вирустық инфекцияда немесе коронавируспен ауырғаннан кейінгі кезеңде созылмалы аурулардың инфекциялық асқынуы немесе қайталама өткір бактериялы инфекция болған кезде кеңінен қолданылады, өйткені коронавирус өзінен кейін адамның иммунитеті үшін жойқын салдар қалдырды.

«Біз қайталанатын инфекциялардың қабат келуінен қорқамыз. Егер бактериялық инфекция қабат келсе немесе адамда созылмалы инфекция болса және ол асқынса, онда көрсеткіштер бойынша біз азитромицинді қолданамыз. Сонымен қатар, көкіріңді таяқша сияқты инфекция бар. Пульмонологияда, біз осы микроорганизммен көбінесе бронхоэктаздық ауруда және муковисцидозда кездестіреміз және осы инфекцияның қосылуы күрделі медициналық мәселе бола түседі. Мәселе мынада, ол биоүлдір құрып, онымен қапталады. Әдеттегі антибиотиктер осы «жамылғының» астынан өте алмайды және тиімсіз болып саналады. Сондықтан, бұл ауруға қарсы көкіріңге қарсы белсенді арнайы антибиотиктер қолданылады. Олар қымбат тұрады және күніне бірнеше рет егуді талап етеді. Бұл жерде азитромциннің тағы бір ерекше қасиеті анықталды –ол көкірің таяқшалары үшін жойқын болып саналмаса да, оның биоүлдірін бұзып, бактерияны өлтірмесе де, оны қимылсыздандырады», - деп түсіндіреді пульмонолог.

Бұдан басқа, антиботиктер әдетте иммунитетті басқан кезде, азитромициннің әлсіз иммунтүрлендіруші әсерге ие екені анықталды.

«Ол, сонымен қатар амбулаториялық (үй) жағдайында, эмпирикалық терапия кезінде бактерияны емдеу үшін, сонымен қатар бәсекеден тыс хламидия және микоплазмалардан туындаған, мысалы атипиялық пневмонияны емдеу үшін амоксициллинмен және кларитромицинмен қоса, бірінші қатардағы бірқатар антибиотиктер құрамына кіреді. Мәселе мынада, микроплазмалар мен хламидиялар – жасушаішілік бактериялар, сондықтан антибиотиктердің әрқайсы жасуша ішіне өте алмайды. Ал аазитромицин осы қоздырғыштардың артынан жасушаға оңай өтеді», - дейді Саттар Ералиев.
пульмонолог Саттар Ералиев
Пульмонолог Саттар Ералиев. Фото: NUR.KZ

Кез келген дәрі сияқты, азитромициннің өз қарсы көрсетімдері бар –ең алдымен, бұл әсер ететін затты көтере алмаушылық (тітіркену). Оған қоса оны бауыр аурларында, емделушіде жүрек соғуының ырғақсыздығы (артмия) болған кезде абайлап қолданған жөн. Әрине, ауырлық дәрежесі әртүрлі жанама әсерлер болады. Егер бұл жүрек айну болса, біз бірден оны қабылдауды тоқтатпайыз, ал егер ол кетпесе және күшейетін болса, дәрігер оның ауыр жанама әсер болып саналмайтынына қарамастан дәріні қабылдауды тоқтатады.

Жалпы алғанда, дәрігер азитромицинді салыстырмалы түрде қауіпсіз дәрілер тобына жатқызады, алайда басқа да мәселе бар және ол қалай болғанда да азитромициннің тағы да бір артықшылығымен байланысты – ол қолдану үшін өте қолайлы: күніне бір рет. Сондықтан да оны осыншама жиі және, оған қоса, дәрігердің тағайындауынсыз, қолданады, көп кешікпей бұл дәрі дәрігерлер үшін жоғалып кетуі мүмкін. Мәселе антибиотикті бақылаусыз жиі әрі дұрыс қабылдамау микроағзаның дәріге қарсы төзімділіктін өсуінде болып отыр.

«Бұл қажетті препаратжәне оның тиісінше қолданылуын қалар едік», - дейді пульмонолог.

Саттар Ералиев антибиотиктерді қабылдаумен байланысты тағы да бір аңызды жоққа шығарды, оның айтуынша қышымаға қарсы препараттарды антибиотиктермен емделу кезінде және емделгеннен кейін қабылдау ұсынылмайды, себебі антибиотиктерді қабылдағаннан кейін, шектің қышымалы зақымдалу жағдайы сипатталмаған.

Егер емделушіде қандай да бір созылмалы қышыма инфекциясы болса – басқа жағдай. Оған қоса қышымаға қарсы антибиотиктер ең «жеңіл» дәрі болып саналмайды. Жалпы алғанда, антибиотиктерді қабылдаған кезде шектің микробиомында бұзылыстар туындау қаупі бар және бұл антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қолдануға болмайтынының жалғыз себебі емес. Шек микрофлорасының бұзылуымен зардап шегетіндер үшін пробиотиктерді қабылдауға болады.

Ал, азитромициннің басқа дәрілермен үйлесуіне келетін болсақ, онда бұл жерде белгілі бір өзгешеліктер бар. Мысалы, өкпенің қабынуы кезінде (пневмония) оны әртүрлі дәрі-дәрмек түрлеріне әсер ететін микробтардың үлкен шоғырын басып алу үшін, цефалоспориндер тобындағы антибиотиктермен бірге тағайындайды.

Ал фторхинолонді антибиотиктермен бірге – сирек, көбінесе стационарлы жағдайларда қолданады және жанама әсерінде жүрек соғуының ырғақсыздығы байқалатын дәрілермен бірге қолдануға жол берілмейді.

Дәрігер, азитромициннің кей жағдайларда, жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдер мен жеткіншектерге тағайындайтынын атап көрсетеді. Бұл жағдайда, пайда қолданғаннан болатын қауіппен салыстырылады және егер біріншісі асып кетсе, онда дәріні емдеуге енгізеді. Ал жеткіншектер үшін тіпті арнайы мөлшер бар.

Алайда, Саттар Ералиев антибиотиктерді, тек орынды жағдайларда (зиянсыз деп танылса), дәрігердің ұсынысы бойынша және антибиотиктер SANTO секілді тексерілген өндірушілерден сатып алынған жағдайда қабылдау керектігін еске салады.

*Назар аударыңыз! Материал тек ақпараттық мақсаттарға арналған. Дәрігермен алдын-ала кеңесіп алмай тұрып, ол жерде жазылған әдісті қолдануға асықпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924539-okpege-arnalgan-antibiotik-pulmonolog-azitromicinnin-paidasy-turaly-aitty/