Қызына несие алған Нұр-Сұлтан тұрғыны елордадан пәтер ұтып алды
Жарияланған күні:
Өз арманындағы пәтерді ұтып алуды көпшілік адам армандайды, әсіресе, жылжымайтын мүлік мәселесі көлденеңінен тұрған отбасылар үшін бұл өте маңызды. Алайда, мұндай мүмкіндік әр адамға беріле бермейді, сондықтан да, қазақстандықтардың ұтып алу мүмкіндігіне көп сенбеуі де орынды. Нұр-Сұлтан қаласындағы бастауыш сынып мұғалімі Әлияға телефон шалып, пәтер ұтып алғанын хабарлағанда, ол да мұндай сәттілікке сене қоймаған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлия отбасымен бірге 20 жылға жуық уақыт бойы елордада тұрады. Ол жанұясымен бірге Жамбыл облысындағы Шу қаласынан сол кездегі –Астана, қазіргі – Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс бабымен көшіп келген.
Осы уақыт аралығында Әлияның отбасы астанаға тамыр жайып үлгерді. Жылжымайтын мүлік сатып алған соң, пәтер мәселесі де көп мазалаған жоқ. Бірақ балалар өскен соң, оларға баспана керектігі көптен ойлантып жүрген.
Әлия Еуразия банкінен ақшалай несие алған кезде қандай да бір зат ұтып алатынын мүлде ойлаған жоқ. Бірақ таныстары мен туыстарынан банктің «Елордадан пәтер ұтып ал» акциясы жүріп жатқанын естіген. Ал пәтер ұтып алғандығы жөніндегі телефон қоңырауы ол үшін мүлде күтпеген хабар еді!
«Мен көптен бері Еуразиялық банктің клиентімін. Бұрын тауар немесе жиһаз үшін несие алғанмын, ал ақшалай несиені алғаш рет алып тұрмын. Несиені Алматыда тұратын Аруна есімді қызым үшін рәсімдедім. Пәтер ұтып алғанымыз туралы хабар келгенде күйеуім екеуміз сенбедік. Бізді біреулер алдап тұрған шығар деп ойлап, туыстарымызға да айтпадық. Сыйлықты өзім көрмейінше, тек ет жақын деген адамдарымызға ғана хабарладық», - дейді Әлия.
Астаналық тұрғын «7я» тұрғын-үй кешенінде ойнатылған пәтерге таласқан 20 мың адамның ішінен жеңімпаз атанды. Random.org кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жеңімпаз анықталып, Әлияның несие келісімшартындағы номер таңдауға іліккен.
Бір қызығы 95 98 комбинациясындағы номер жеңімпаз атанды, ал Әлияның арнайы несие алған Аруна есімді қызы 1995 жылы дүниеге келген. Ата-анасы жеңіске жетуге себепкер болған қызына пәтерді сыйға тартуы мүмкін.
Әрбір қазақстандық тұрғын дәл осылай бақытты жан атанып, өзінің жылжымайтын мүлігін тегін ала алады. Өйткені, Еуразиялық банк ұйымдастыруымен 15 маусымда басталған «Елордадан пәтер ұтып ал» акциясы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта еліміздегі кәмелетке толған әрбір тұрғынның сыйлық ұтатын мүмкіндігі бар.
Нұр-Сұлтанда тағы да екі пәтер ойнатылады, ал ойынға қатысу шарттары аса қиын емес: Еуразиялық банктен кепілдіксіз ақшалай несие, несиеге автокөлік немесе 100 000 теңгеден кем түспейтін сомаға тауарлы несие аласыз.
Тираждар 2021 жылдың 25 тамызы мен 21 қыркүйегі аралығында банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларының тікелей эфирінде өтеді.
Тезірек қатысып үлгеріңіз, сәттілік серік болсын!
Лицензия № 1.2.68/242/40, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2020 жылдың 3 ақпанында берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924614-qyzyna-nesie-algan-nur-sultan-turgyny-elordadan-pater-utyp-aldy/