Жаңбыр, найзағай бұршақ: Синоптиктер жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК өкілдері 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыста кей жерлерде бұршақ жауады.
Метрологтардың мәліметінше, тек еліміздің батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, 25 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде таңертең және күндіз бұршақ жауып, желдің екіпіні 18-23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтілуде.
Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде де желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде де жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 18 м/с дейін жетуі ықтимал. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924673-zanbyr-naizagai-sinoptikter-zumaga-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/