Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның барлық өңірі "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде 1 тамыздағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, бүгінде барлық өңірлер "қызыл" аймақта тұр деп хабарланды коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram-каналында.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, Түркістан облысы осыған дейін бірнеше күн қатарынан "сары" аймақта болып келген еді. Алайда, ақыры бұл өңір де "қызыл" аймаққа ауысты.

Бүгінде республика бойынша коронавирус өршіп тұр. Өткен тәулікте қауіпті індетті дұқтыру бойынша тағы жаңа антирекорд орнады. Бір күнде елімізде COVID-19 жұқтырған 7803 адам анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1924942-qazaqstannyn-barlyq-oniri-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel