Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ішінде адамдары бар лифт 15-қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Лифт батырмалары
Көрнекі фото: pexels.com

Атырауда бүгін таңертең апатты жағдай болды. 15-қабаттан лифт кабинасы құлап, нәтижесінде бір адам көз жұмып, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың егжей-тегжейі облыстық төтенше жағдайлар департаментінде айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамызда сағат 10.46-да Сәтбаев көшесіндегі 17 қабатты "Ардагер" тұрғын үй кешенінде лифт жөндеу кезінде кабина 15-қабаттан 1-қабатқа құлаған.

Төтенше жағдай кезінде ішінде Lift Invest ЖШС-нің екі қызметкері болған. Олардың Алматы облысында туғаны анықталды.

Апат салдарынан 40 жастағы ер адам қайтыс болып, екінші 34 жастағы зардап шегуші ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына ТЖД-ның 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, облыстық полиция департаментінің кезекші жедел тергеу тобынан 3 адам мен 1 бірлік техника жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1925526-atyrauda-isinde-adamdary-bar-lift-15-qabattan-qulap-ketti/

pixel