Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында ПТР анықтамасын сатып алған туристер ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әуежайда жалған ПТР анықтамасын қолданған жекеменшік алматылық фирманың сегіз қызметкері ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанованың айтуынша, оқиға 30 шілдеде болған.

Ұсталған сегіз адам Алматыдағы жекеменшік фирманың қызметкері, оларға ерекше қызметі үшін сыйлық ретінде Дубайға жолдама берілген.

Жауап алу кезінде құқық бұзушылар ПТР анықтамасын интернет арқылы сатып алғанын жеткізді.

Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық Кодекстің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы бап бойынша 160 АЕК (466 720 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Көлік полициясы бұл биыл Алматы әуежайында анықталған он бірінші факт екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925553-almaty-auezaiynda-ptr-anyqtamasyn-satyp-algan-turister-ustaldy/

pixel