Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда кәріз құдығында өлген жасөспірімнің ісі бойынша үкім шықты

Жарияланған күні:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан соты ашық жатқан кәріз құдығына құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты үкім шығарды. Люктің ашық қалуына жол берген учаске бастығы абайсызда кісі өліміне себепші болғаны үшін кінәлі деп танылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2019 жылы Бағдәулет Өмірхан Железнодорожный тұрғын алабындағы ашық кәріз құдығына құлап кеткен. Бала ол жерде бірнеше күн жатты. Оны полиция, жүздеген ерікті іздеді. Бала өлі табылды.

Астана телеарнасының хабарлауынша, 4 тамызда учаске бастығы Владимир Валентинович Власенко абайсызда бала өліміне себепші болғаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 104-бабы бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

"Қылмыстық кодекстің 71-бабының 2-тармағы негізінде айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан босатылсын", - деді судья Үбайдолла Қошанов.

Сот шешімі бойынша Владимир Власенко қайтыс болған баланың анасына 4 миллион теңге төлеуге тиіс. "Астана Су Арнасы" компаниясы тағы 6 миллион теңге моральдық шығын төлейді.

Марқұмның анасы үкіммен келіспейді. Ол кінәлілердің түрмеге отыруын қалады. Ол сондай-ақ 50 миллион моральдық шығын төлеуді сұрады.

"Үкіммен келіспеймін. Судья заңсыз үкім шығарды, ол тыңдаудың бірінші күні маған және менің адвокатыма дөрекі болып көрінді. Процесс барысында үнемі сөзімізді тоқтата берді. Сұрақтар қоюға рұқсат бермеді, өте асығыс отырған кездері де болды. Тіпті тыңдаудың алғашқы күні-ақ үкім шығаруға дайын болған сияқты", - деді Перизат Шынықбаева.

Енді Бағдәулеттің анасы үкімге шағымдануға ниетті. Бұл ойын іске асыруға 15 күн уақыты бар.

Қайғылы жағдай 2019 жылдың ақпанында болды. Жасөспірім сырғанақ тебуге кетіп, үйіне қайтып оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925680-nur-sultanda-kariz-qudygynda-olgen-zasospirimnin-isi-boiynsa-ukim-syqty/