Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада облыстық аурухана жаңа оттегі аппаратымен толықты (фото)

Опубликовано:

Жаңа аппарат1
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының материалдық базасы ағынды оттегі терапиясы аппаратының жаңа 10 данасымен толықты.

Бұл жолы жаңа аппараттарды "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясы табыстауда. Бұл медициналық құрылғыларды Гонконг елінен алдыруға мекеме өз қаржысы есебінен 24,5 млн.теңге жұмсаған.

Жаңа аппараттар коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының сұранысына сәйкес жеткізілген.

Қазіргі таңда "Ұлттық орталық кардиохирургия орталығы" АҚ мамандары аталған аппараттарды тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарға қолдануды ұсынып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін "Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ Қазалы ауданаралық ауруханасына оттегі станциясын орнатуға 58 миллион теңге бөлген болатын.

жаңа1
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925790-qyzylordada-oblystyq-auruxana-zana-ottegi-apparatymen-tolyqty-foto/

pixel