Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы аттракциондардың бірінен жеткіншек құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Баланың құлау сәті
Кадр: Instagram / kris_p_brothers_official

Әлеуметтік желілерде жеткіншектің аттракционнан құлаған сәтінің видеосы тарады. Белгілі болғандай, оқиға Жамбыл облысындағы Қордай ауылында болған.

Видеоны Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official парақшасы жариялады.

Кадрлардан баланың аттракцион жылдамдық көбейте бастаған сәтте құлап кеткенін байқауға болады.

"Қордайда. Бала тірі. Қауіпсіздік техникасы жоқ нендей аттракциондар? Құзырлы органдар, шара қолданыңыз", - дейді жазба авторы.

Желі қолданушылары қауіпсіздігі күмәнді аттракционға балаларын отырғызатын ата-аналарды да сынға алуда.

Сол арада Жамбыл облысының полиция департаменті Zakon.kz-ке аталмыш факті бойынша құқық қорғау органдарына ешкім жүгінбегенін мәлімдеді.

"10 тамызда әлеуметтік желілерді бақылау кезінде Жамбыл облысы Қордай ауылының саябағында аттракционнан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған бала құлап кеткен сәтті көрсететін жазба анықталды. Тексеру кезінде баланың құлау жағдайы 9 тамыз күні орын алғаны белгілі болды. Алайда, ата-анасы Орталық аймақтық аурухана мен құқық қорғау органдарына шағым түсірмеді", - дейді полиция департаментіндегілер.

Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғаны алға тартылды. Бұл факт процессуалдық шешім қабылдау үшін Қордай ауданының ПБ Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Ескерту! Видеода қорқынышты кадрлар бар және жүйкесі жұқа адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926573-zambyl-oblysyndagy-attrakciondardyn-birinen-zetkinsek-qulap-ketti-video/

pixel