Өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиолоиялық ахуалға қатысты деректерді жаңартты. Оған сәйкес бір тәулікте 7 798 қазақстандық коронавирус жұқтырған деп хабарлайды Coronavirs2020.kz Telegram каналы.
Қазақстанда өткен тәулікте 7798 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1276
Алматы қаласы - 1507
Шымкент қаласы - 532
Ақмола облысы - 278
Ақтөбе облысы - 416
Алматы облысы - 300
Атырау облысы - 470
Шығыс Қазақстан облысы - 259
Жамбыл облысы - 145
Батыс Қазақстан облысы - 161
Қарағанды облысы - 1144
Қостанай облысы - 271
Қызылорда облысы - 219
Маңғыстау облысы - 213
Павлодар облысы - 329
Солтүстік Қазақстан облысы - 170
Түркістан облысы - 108
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 672 322-ге жетті.
Еске сала кетсек, смартфон не интернеті жоқ қазақстандықтар Ashyq-қа қосылған нысандарға қалай кіретінін жазған едік.
Қандай да бір ғимаратқа кіруі үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып жүрсеңіз немесе ЖСН білсеңіз жеткілікті.
"Егер келушінің смартфоны не интернеті жоқ болса, онда әкімшілік "күзетші режимін" пайдалана алады. Ол үшін келуші өзінің ЖСН-ін айтуы керек. Осылайша, азаматтың мәртебесі тексеріледі. "Күзетші режимін" тек ғимарат әкімшілігі ғана орната алады", - деді "Атамекен" ҰКП.
Қазақстандықтар жеке куәлігімен Ashyq нысандарына, соның ішінде дүкендер мен дәріханаларға кіре алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926985-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyqty-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/