RU

Қарағанды облысында бүтін бір отбасын өлтіріп кетті

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Қарағанды облысы Ағадыр ауылында жер үйден үш адамның мәйіті табылды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жұма күні 58 жастағы ер адамды, оның 59 жастағы әйелі мен 21 жастағы қызын өлтіріп кеткен. Бәрінің денесінде пышақ жарақаты бар. 

"Жедел-тергеу шаралары барысында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол жанжал кезінде марқұмдарға пышақ сұққанын мойындады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері. 

Қылмыстық кодекстің 99-бабына ("Адам өлтіру") сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927174-qaragandy-oblysynda-butin-bir-otbasyn-oltirip-ketti/