Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Телефонмен ойнауына тыйым салған": Павлодарда 14 жастағы бала әкесін пышақтады

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауына тыйым салған әкесін пышақтаған деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, полицияға Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, пәтерде әкесі мен 14 жастағы кәмелетке толмаған баласының арасында жанжал болған.

"Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған. Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыс тіркелген.

Осы ретте полиция азаматтардан балаларымен мұқият және шыдамды болуды, жасөспірімдермен мүмкіндігінше көп сөйлесулерін сұрайды. Сондай-ақ олардың мәселелесін назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928259-telefonmen-oinauyna-tyiym-salgan-pavlodarda-14-zastagy-bala-akesin-pysaqtagan/

pixel