Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия жағдайындағы оқу жылы: Елдің бас санитар дәрігері қаулы шығарды

Жарияланған күні:

парта
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов 2021-2022 оқу жылындағы оқу орындарына қойылатын талаптар мен шарттарды белгілейтін жаңа қаулыға қол қойды. Құжатты денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінің ресми сайты жариялады.

Санитар дәрігер 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат берді. Бұл жағдайда келесі шарттар сақталуы керек:

  • осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшалардың талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау;
  • педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
  • ұйымға кіру кезінде "Аshyq" қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
  • маска режимін сақтау;
  • рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
  • үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
  • үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
  • педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
  • мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
  • зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
  • бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып)жағдайларында оқыту.

Әкімдер, білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:

  • асханаларда ауа рециркуляторларын орнатуды қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейту;
  • бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинациясы бар (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған) студенттерді жатақханаға орналастыруды қамтамасыз ету;
  • оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру қажет.

Шетелдік студенттер төменде көрсетілген талаптар орындалған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберіледі:

  • тұратын елдің уәкілетті органы бекіткен вакцинациялау анықтамасымен/паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей алынған ПТР тестілеудің теріс нәтижесі.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, асханалар мен буфеттерге:

  • респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);
  • QR-код бойынша тіркеу кезінде "сары" және "қызыл" мәртебесі бар адамдарға;
  • COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) кіруге жол берілмейді.

Қаулының толық мәтінін сілтеме арқылы оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928924-pandemiya-zagdaiyndagy-oqu-zyly-eldin-bas-sanitar-darigeri-qauly-sygardy/