RU

"Теміржол қозғалысы шектелді": Жамбыл облысындағы жарылыстан соң сегіз бағыттағы пойыздар тоқтап тұр

Пойыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлім маңында болған жойқын жарылыстан соң теміржол және тас жолдағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан теміржолы" ресми сайтының хабарлауынша, Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты төмендегі жолаушылар пойызы уақытынан кешігеді:

- №41 Алматы-2 - Атырау

- №11 Алматы-2 - Шымкент

- №78 Маңғыстау – Алматы-2

- №24 Ақтөбе - Алматы-1;

- №002 Шымкент - Алматы-2;

- №72 Түркістан - Алматы-2;

- №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1

-№22 Қызылорда - Семей.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар "Тараз-Сарыкемер" тас жолындағы барлық бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылған.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929114-temirzol-qozgalysy-sekteldi-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-son-segiz-bagyttagy-poiyzdar-toqtap-tur/