Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: 19 жолаушылар пойызы кідіріп қалды
Жарияланған күні:
ҚТЖ-да пойыздардың кешігуі туралы хабарланды. Қазіргі уақытта 10 мыңға жуық жолаушысы бар 19 жолаушылар пойызы кешігуде деп хабарлайды компанияның Telegram-дағы ресми арнасы.
2021 жылғы 26 тамызда Тараз-Шу учаскесі Үшбұлақ-Ақшолақ аралығының екі жолы да барлық пойыздардың қозғалысы үшін 20 сағат 10 минутта жабылды.
Бүгін сағат 08.00-ден 09.00-ге дейінгі кезеңде НОД, НЖС басшылары инфрақұрылымға комиссиялық тексеру жүргізді, оның барысында жолдың, байланыс желісінің бүлінгені анықталды. Зақым 11.00-де жойылды. Қазір инфрақұрылым пойыздардың қозғалысына толықтай дайын.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың басшылығымен Штаб ұйымдастырылды. ТЖ орнында НОД (теміржол бөлімшесінің бастығы) және "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының орынбасары Й. Бесвердің қатысуымен жедел штабтар құрылды.
"9956 жолаушысы бар 19 жолаушылар пойызы кідіріп тұрған болатын. Оның ішіндегі 2198 жолаушы Тараз-Ақшолақ станциялары аралығына автобустармен жөнелтілді. 531 адам өздері ерікті түрде кетті. Автобуспен жүргенде Тараз-Ақшолақ станцияларының арасы 41 шақырым, жолға шамамен 40 минут уақыт кетеді", – делінген хабарламада.
Вокзалдар мен пойыздарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жол жүру құжаттарын қайтару және поездардың кешігуі үшін өтемақы белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазіргі уақытта 2,5 млн. теңге сомасына 1048 жол жүру құжаттарын қайтару рәсімделді.
Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет ету үшін инфрақұрылым қызметкерлерінің мобильді бригадалары, сонымен қатар екі өрт сөндіру пойызы дайын тұр (біріншісі оқиға орнынан 15 шақырым жерде, екіншісі Түрксіб (Луговая) станциясында).
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929283-zambyl-oblysyndagy-totense-zagdai-19-zolausylar-poiyzy-kirdirip-qaldy/