Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім қашқан жоқ": Қорғаныс министрлігі жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Жарылыс
Кадр: Instagram / tarazlive.kz

Қорғаныс министрлігі Тараз түбіндегі жарылыс кезінде "қашып кеткен" әскерилер мәселесін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство өкілі тағылған айыптың негізсіз екенін мәлімдеді. Себебі, өрт сөндірушілер әскери қоймаға барғанда қауіп-қатердің бар екенін білген, дейді ол.

"Мәселе мынада, өрт сөндірушілер командасы келгеннен бастап бәрін өздері басқарады. Оларда нысанның паспорты бар. Ішінде не бар екенін де біледі. Сондықтан оқиға орнына жеткенше тиісті шешім қабылдайды. Ішкі істер министрінің №446 бұйрығын қарап көріңіз. Сол құжатта бәрі жазылған. Кім және қалай әрекет етеді, соның бәрі көрсетілген", - деді қорғаныс министрлігінде істейтін лауазымды тұлға.

Оның айтуынша, әскери қоймада өрт сөндіру жұмыстары басталғаннан кейін шынымен де әскерилерді қауіпсіз жерге көшірген.

"Олар – әскерге шақырылғандар, әскери борышын өтеп жүргендер. Жас жігіттер ғой. Оларға қауіп төне бастағанда қауіпсіз жерге шығарды. Ал келісімшартпен әскери қызметте жүргендердің бәрі қалды. Қазір кейбір бұқаралық ақпарат құралдары әскерилер қашып кетті деп жатыр. Ешкім қашқан жоқ. Біз жас балаларды қауіпсіз жерге шығаруға тырыстық. Бұл басты міндет болған", - дейді әскери шенеунік.

Еске сала кетейік, осыған дейін өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Мұхамеджанов журналистерге сұхбат берген еді. Әскери қоймаға алғашқылардың бірі болып жеткен өрт сөндірушінің сөзінше, әскерилер қоймада жарылатын ештеңе жоқ екенін мәлімдеген.

Әріптесінің сөзін Алмаз есімді өрт сөндіруші де растады. Қазіргі уақытта екеуі де ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929544-eskim-qasqan-zoq-qorganys-ministrligi-zarylysqa-qatysty-malimdeme-zasady/