Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды
Жарияланған күні:
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңартылған мәліметтерді Coronavirus2020.kz ресми telegram-каналында жариялады. Өткен тәулікте тағы 4322 адамнан COVID-19 анықталған.
"Елімізде өткен тәулікте 4322 адамның коронавирус дертін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 376
Алматы қаласы - 1309
Шымкент қаласы - 137
Ақмола облысы - 259
Ақтөбе облысы - 123
Алматы облысы - 359
Атырау облысы - 126
Шығыс Қазақстан облысы - 166
Жамбыл облысы - 34
Батыс Қазақстан облысы - 46
Қарағанды облысы - 551
Қостанай облысы - 245
Қызылорда облысы - 65
Маңғыстау облысы - 109
Павлодар облысы - 296
Солтүстік Қазақстан облысы - 76
Түркістан облысы - 45
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 789471 адамды құрап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "көк" статус шығатын адамдарға қайда кіруге рұқсат етілетінін айтып берді.
Сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерден ПТР-тест нәтижесін талап етуге болмайтынын мәлімдеген еді.
Одан бөлек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Оған сәйкес, демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929554-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/