Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист Мұхтар Атабек мезгілсіз қайтыс болды

Жарияланған күні:

Мұхтар Атабек
Фото: Instagram/ turkistantvkz

Қазақстанның мәдениет қайраткері, белгілі журналист Мұхтар Орынтайұлы Атабек мезгілсіз дүниеден өтті. Қаралы хабарды "Түркістан" телеарнасы жеткізді.

Мұхтар Атабектің қайтыс болғаны туралы телеарнаның ресми Instagram парақшасынан белгілі болды. Алайда, әзірге журналистің өліміне не себеп болғаны белгісіз.

  • 1967 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Ақтас ауылында туған Мұхтар Орынтайұлы журналистік қызметін республикалық «Жас Алаш» газетінде бастаған.
  • 1996 -1998 жылдары ҚР Мемлекеттік Тергеу Комитетінің «Қылмыс пен жаза» - «Преступление и наказание» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды.
  • 1997-2001 жылдары Қазақ радиосының Астана студиясында редакторлық қызмет еткен.
  • 2001 - 2005 жылдары тәуелсіз «Замана» және облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде редактор, жауапты хатшының орынбасары болған.
  • 2005 жылдан бүгінге дейін «Қазақстан» ҰТА «Оңтүстік» телеарнасында редактор, бас редактор қызметтерін атқарған еді.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Астанаға-10 жыл», «Тәуелсіздікке-20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Республикалық «Дидар» телевизиялық фестивалінің лауреаты. Қазақстанның Құрметті журналисі, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атанған.

KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы марқұмның жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929615-belgili-zrnalist-muxtar-atabek-mezgilsiz-qaitys-boldy/