Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде мектеп қарсысында секс шоп дүкені ашылды

Опубликовано:

Өскеменда жыныстық қарым-қатынасқа арналған бұйымдар сататын дүкенге байланысты шу шықты. 

Қаладағы нөмірі 22-ші орта мектептің дәл жанынан секс-шоп бөлімі ашылды. Білім беретін мекеменің іргесінде мұндай орынның жұмыс істеуіне ата-аналар қарсы. Секс-шоп мектепке қарама-қарсы бетте, 50 метрдей жердегі сауда кешенінің ішінде орналасқан.

Сондықтан, ол дүкенге тамақ пен сусын алуға келген кез-келген оқушының назарынан тыс қалмайды. Алайда сирек кездесетін мұндай бизнестің иегерлері бөлімнің жабық жұмыс істейтінін алға тартып отыр. Олардың айтуынша, секс-шопқа 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге кіруге болмайды.

ЕЛЕНА КУШНЕР-КӘСІПКЕР: 

"Біздің рұқсат қағаздарымыз бен құжаттарымызға байланысты ешқандай мәселе жоқ. Содан кейін, секс-шоп бөлімі ашық түрде жұмыс істемейді. Оған тек ересек адамдар ғана кіреді. Мен бұдан ешқандай заңсыздық көріп тұрған жоқпын".

Қала әкімшілігінің мәліметінше, секс-шоп дүкендерін ашуға арнайы рұқсаттың қажеті жоқ. Шенеуніктер кәсіпкердің салықты уақытында төлеп тұрғанын айтады.

МАРАТ БАШИРОВ — ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

"Біздің ол дүкенді жауып тастайтындай құзіретіміз жоқ. Бұл порнография емес, бизнестің бір түрі болып саналады. Әрине олардың да, біздің де балалар орта мектепте оқиды. Осыны ескере келе, моральдық тұрғыдан сөйлесіп көруге тырысамыз. Мүмкін секс-шопты басқа жерге ауыстырылуы мүмкін".

Мамандардың айтуынша, елімізде секс-шоп дүкендерін білім мекемелерінен аулақ орналастыру жөнінде арнайы заң жоқ. Мәселен, ішімдік пен темекі өнімдерін мектеп жанында сатуға болмайды. Ал, жыныстық қарым-қатынасқа арналған бұйымдар сататын сауда орындарының жұмысы әзірге заңмен реттелмеген.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/192974-oskemende-mektep-karsysynda-seks-shop-dykeni-ashyldy/

pixel