Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапон ханшайымы қарапайым халық арасынан шыққан жігітпен бас қоспақшы

Жарияланған күні:

Кей Комуро мен Мако ханшайым
Кей Комуро мен Мако ханшайым. Фото: Asahi Shimbun via Getty Images

Жапон императоры Нарухитоның жиені, Мако ханшайым мен оның жігіті Кей Комуро жылдың соңына дейін үйленбекші. Ерлі-зайыптылар АҚШ-та тұратын болады деп хабарлайды Kyodo News.

Мако ханшайым тұрмысқа шығып, мәртебесінен айырылады, ал олардың үйлену тойы салт-жоралғы рәсімдерінсіз өтеді, бұл патша әулеті үшін өте сирек кездесетін жағдай.

Мако соғыстан кейінгі Жапонияда бұл рәсімдерді өткізіп жіберген империялық отбасының алғашқы әйел мүшесі болуы мүмкін.

Салт жоралғы – бұл "Носай но Ги" деп аталатын ресми үйлену рәсімі, оның барысында құда түскендердің отбасы сыйлықтармен алмасады және үйлену алдында император мен императрицамен ресми кездесуге арналған "Чокен но Ги" рәсімі.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, императорлық отбасының әйел мүшелері қарапайым адамға тұрмысқа шығып, патша мәртебесінен айырылады.

Ерлі-зайыптылардың некесі 2017 жылы жарияланғанына қарамастан, бірнеше рет кейінге қалдырылды. Үйлену тойы Комуроның анасы мен оның бұрынғы күйеуінің арасындағы 4 миллион иен дауына байланысты кейінге қалдырылды.

Комуро қазір АҚШ-та тұрады. Мамырда Нью-Йорктегі Фордхэм университетінің заң факультетін заң ғылымдарының докторы дәрежесімен бітіріп, шілдеде штат адвокатына емтихан тапсырған. Емтихан нәтижелері желтоқсан айының ортасында жарияланады және ол жергілікті заң фирмасына жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Императордың інісі, мұрагер ханзада Фумихито қызының Комуроға тұрмысқа шығуын мақұлдағанын айтты.

"Мен олардың некелерін мақұлдаймын. Конституцияда неке тек екеуінің келісіміне негізделуі тиіс деп жазылған. Егер олар мұны шынымен қаласа, мен бұл шешімді ата-ана ретінде құрметтеуім керек", – деді Фумихито.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929916-zapon-xansaiymy-qarapaiym-xalyq-arasynan-syqqan-zigitpen-bas-qospaqsy/