Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда судья мас күйде балалар алаңының маңында жол апатын жасады

Опубликовано:

көлік26
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай қалалық сотының судьясы мас күйде жол апатын жасап, көлігін автотұраққа қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Болған жайтқа қатысты соттың баспасөз қызметі пікір білдірді.

31 тамыз күні болған жол апаты туралы "ТоболИнфо" басылымы хабарлады.

Басылым дерегінше, судья Бақыткүл Қадырова мас күйде бола тұра, көлік басқарып, Әуежай ауданында жол апатын жасаған. Жүргізуші балалар алаңқайы маңындағы бағанаға соғылған. Болған жайттан кейін келіншек көлігін автотұраққа қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жол апатына қатысты өңірдегі полиция департаменті пікір білдірді.

"31 тамызда сағат 19.56-да 102 нөміріне Toyota RAV4 жүргізушісі ауладан шыға берісте тізгінге ие бола алмай, жарық бағанына соқтығысқаны туралы ақпарат түсті. 1968 жылы туған жүргізуші наркологияға жеткізіліп, оның орташа деңгейде мас екені анықталды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Сонымен бірге Қостанай облыстық соты да бұл ақпаратты "Алау" порталына растаған.

Мекеменің мәліметінше, Қадырова қазір ақысыз еңбек демалысында жүр. Оның өндірісіндегі істердің бәрі басқа судьяларға берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930380-qostanaida-sudya-mas-kuide-balalar-alanynyn-manynda-zol-apatyn-zasady/

pixel