Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда колледж жатақханасының маңындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: куәгерлер

Орал тұрғындары мессенджер арқылы бір-біріне жастардың жаппай төбелесі бейнеленген видеоны жіберіп жатыр. Бұл жайтқа қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желді тараған видеодан бір топ жігіттің төбелесіп жатқанын, оларды кейбірі ажыратуға тырысып жатқанын байқауға болады.

Төбелес Оралдағы колледж жатақханасының ауласында болған көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Төбелес 3 қыркүйекте сағат 21.40 шамасында Жәңгір хан көшесіндегі білім беру мекемелерінің бірінің жатақханасында болды, осы оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, істің мән-жайын анықтау үшін Зашаған полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл факті бойынша қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кету керек, ауыр жарақат алғандар жоқ", – дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1930620-oralda-kolledz-zataqxanasy-zanynda-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/

pixel