Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: Студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр

Жарияланған күні:

ЖОО
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" фракциясының мүшесі Ернұр Бейсенбаев үкіметке депутаттық сауал жолдап, жатақхана мәселесін реттеудің жолын жедел қарастыру керек екенін айтты.

Оның сөзінше, қазір студенттер оқумен емес, пәтер ақысын төлеумен әлек болып жүр. Тіпті алыс аймақтардан білім іздеп келген жастардың далада түнейтін түрі бар деп хабарлайды Aibat жаңалықтар қызметі.

Себебі жатақханаларда орын тапшы. Ал пәтер жалдауға студенттердің басым көпшілігінің қалтасы көтермейді. Мәселен, қазір 80 мың студент жатақханаға мұқтаж.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда жаңа оқу жылында 1,1 миллион жас студент атанған. Бірақ соның тек 15 пайызы, яғни 169 мыңы ғана жатақханамен қамтылған.

Одан бөлек, депутат жатақханалардың жағдайы мен санитарлық тазалығы жайлы да сөз қозғады деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Nur Otan" фракциясының мүшелері Қарағанды қаласындағы бірнеше колледж жатақханасын аралап көрген. Оларда ыстық су, асхана, тіпті жуынатын бөлме де жоқ екені анықталған. 

Кейбір оқу орындарының өз жатақханасы болмағандықтан бірнеше білім мекемесінің студенттері бір ғимаратта тұрады. Ал жеке оқу орындарының басшылары қаржы тапшылығын алға тартып, жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.

"Ыстық суы жоқ. Электросым тетіктері шығып жатыр, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген. Бұл мәселе менің ойымша тікелей осы оқу ордасындағы басшылықтың салғырттығы. Бұл мәселені олар міндетті түрде шешуі қажет. Біз мұны міндетті түрде білім және ғылым министрлігінің деңгейінде көтеруіміз қажет. Шара қолдануымыз қажет. Тіпті лицензиясынан айыру қажет", - дейді Ернұр Бейсенбаев.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931164-deputat-studentter-oqumen-emes-pater-aqysyn-toleumen-alek-bolyp-zur/