Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оқушыларды мәжбүрлеп жатыр": Вакцинаға қатысты тараған ақпарат жұртты шошытты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде ата-аналар балаларының қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен таныстырылып жатқанына алаңдаулы. Кейбіреулерінің пікірінше, ережелермен танысу фактісін растап, журналдарға қол қою оқушылар үшін қауіпті. Бұндай бланк ретінде оларға КВИ-ге қарсы вакцинацияға келісім берілуі ықтимал. Алайда көптің талқысына түскен бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың алаңдаушылығын сейілтті.

Ведомствоның мәліметінше, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды.

Сондай-ақ, нұсқаманы өткізу оқушылардың құқықтарын бұзу болып табылмайды.

"Нұсқаманы өткізу туралы міндетті түрде кіріспе нұсқамалық тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқама кезінде журналды толтыру міндетті болып табылады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаманы өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылардың қолдары болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-аналардың құқығын бұзбайды, себебі оқушының қолы оның әртүрлі жағдайларда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды", – деді министрлік өкілдері.

Білім ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығына сәйкес көрсетілмек.

Осы бұйрықтың 18-тармағына сәйкес мектеп жоспарлы түрде профилактикалық тексерулер, вакцинация немесе басқа да медициналық қызметтер көрсету кезінде жазбаша ақпараттандырылған келісім алуға немесе медициналық араласудан бас тартуға көмек көрсете алады.

Бұндай құжатқа кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қол қоюы керек.

"Қорыта айтқанда, мектептерде КВИ қарсы вакцинациялау келісімі бланкін кіріспе нұсқаманы тіркеу журналы деп беріп, балаларды өз бетінше егілуге рұқсат беруге мәжбүрлемейді. Біріншіден, мұндай әрекеттер заңсыз, екіншіден, журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанынан мүлдем өзгеше" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931289-oqusylardy-mazburlep-zatyr-vakcinaga-qatysty-taragan-aqparat-zurtty-sosytty/

pixel