Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денесін паразит басқан бала оқиғасына қатысты тың дерек пайда болды

Жарияланған күні:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтаудың оңалту шипажайында демалған кезде белгісіз паразиттерді жұқтырған әйел мен қызы қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылатын болды. Бұл туралы Павлодар облыстық инфекциялық балалар ауруханасы директорының инфекциялық стационар бойынша орынбасары Зере Садақова мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қызы мен анасы бір апта бұрын ауруханаға жатқызылды. Олар терінің қышуы және суға түсу кезінде тері астынан қанатты жәндіктердің шығуына шағымданған болатын. Екі айдан бері осы қиындыққа тап болған", - деді ол облыстағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Зере Садақованың сөзінше, стационарға жатқызылған кезде олар денсаулығына шағымданбаған, дене қызуы қалыпты болған. Осы уақытқа дейін теріге өңдеу жүргізілген. Қыздың анасы жинаған материал облыстық СЭС-тегі паразитологиялық зертханаға жолданып, ол жақтан бұл жәндіктер гельминт (паразитті құрт – ред.) немесе оның дернәсілі емес екені туралы жауап келді.

Дәл осындай материал Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасына да жіберілген. Алайда олар жәндіктің түрін анықтай алмағанын хабарлаған. Одан бұрын жүргізілген амбулаториялық емдеу кезінде бұл жәндіктер мамық жегілер тобына, яғни құстар мен сүтқоректілердің сыртқы ұсақ паразиттеріне жататыны туралы қорытынды жасалды (Мамық жегілер кенелер секілді қанмен қоректенбейді, олар қанат немесе түкпен, сондай-ақ терінің мүйізді қабығының қабыршағымен қоректенеді – ред.).

"Анасы мен қызының жағдайы қанағаттанарлықтай болуына және тері астында паразиттердің енді анықталмағанына байланысты бүгін ауруханада шығарылады деп жоспарлануда", - деді Зере Садақова.

Ол осы секілді симптомдарға шағымданған екінші әйел инфекциялық ауруханаға келмегенін жеткізді.

Айта кетейік, мүгедек балаларды күтіп отырған бірнеше отбасы Ақтауға шипажайға барған. Паразиттер сол жақта жұққан.

Үйге оралған соң жалғызбасты ана өз денесінде де жәндіктерді көрген. Ол қызымен бірге күніне бірнеше рет ыстық душ қабылдап, паразитке қарсы ондаған ем шара жасауға мәжбүр болды.

Павлодарлық тағы бір отбасы да паразиттерге қатысты шағымданды. Бірақ шипажай әкімшілігі бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931320-denesin-parazit-basqan-bala-oqigasyna-qatysty-tyn-derek-paida-boldy/