Болашақ түлегі Қазақстандағы жоғарғы оқу орнының ең жас ректоры атанды
Жарияланған күні:
Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаңа ректоры болып 34 жастағы Лаура Қарабасова тағайындалды. Су жаңа басшы республика бойынша ең жас ректорлардың тізіміне енді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университеттің жаңа ректорын Ақтөбеге жұмыс сапарымен барған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды.
Лаура Қарабасова 2008 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы университетті тәмәмдаған.
Содан кейін ол Ұлыбританиядағы Уорик университетінде білім берудегі көшбасшылық және менеджмент мамандығы бойынша магистр дәрежесін, Назарбаев Университетінде философия докторы (Ph.D) дәрежесін алды.
"Осы университетке келудегі басты мақсат – кадр мәселесі. Конкурс жарияланып, директорлар кеңесінің отырысында бұл мәселе бірнеше рет қаралды. Республикалық комиссияның шешімімен Лаура Қарабасова университеттің ректоры болып тағайындалды" деді Асхат Аймағамбетов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931604-bolasaq-tulegi-qazaqstandagy-zogargy-oqu-ornynyn-en-zas-rektory-atandy/