RU

Францияда вакцина салдырғандар салдырмағандарға шабуыл жасады

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Францияда вакцина салдыруға қарсы наразы топқа шабуыл жасалды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна дерегінше, көптің талқысына түскен оқиға Тулуза қаласында болған.

Онда "вакциналау паспорты керек емес" деген наразы топ екпе салдырғандардың қарсылығына тап болып, соққыға жығылды.

Егілгендер коронавирус инфекциясына қарсы препаратты қабылдау қалыпты өмірге көшудің бірден бір төте жолы деп есептейтіндерін жеткізді.

Бұл Францияда 9 тамыздан бері барлық жерде вакцина салдырғаны немесе ауырғаны туралы құжат талап етіле бастаған. Сондай-ақ тұрғындар коронавирус тестісінің теріс нәтижесін міндетті түрде көрсетуі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931614-franciyada-vakcina-saldyrgandar-saldyrmagandarga-sabuyl-zasady/