Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектептерде 12 жастан асқан балаларға вакцина салу үшін тізім жасақталып жатқаны рас па

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

"Аса шұғыл! 12 жастан асқан балаларды вакциналау үшін тізім жасалуы керек". Қызылорда облысы Жалағаш ауданының білім бөлімі атынан мектеп директорларына тапсырма берілген осындай мазмұндағы құжат әлеуметтік желіде тарады. Хатқа бөлім басшысы Талғат Садықов қол қойған. Бұл ақпарат қаншалықты рас екенін Астана телеарнасының тілшісі анықтап көрді.

Желіде тараған құжатта мектеп директорлары 9 қыркүйекке дейін вакцина алатын оқушылардың деректерін нақтылауды көрсеткен.  Журналистер ақпаратың шындығына көз жеткізу мақсатында облыс әкімдігіне хабарласқан.

"Қазіргі таңда республика көлемінде 12-жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау мәселесі қарастырылуда. Дегенмен, бұл түпкілікті шешілген жоқ және елге бұл жас ерекшеліктегі балаларға арналған вакцина жеткізілген жоқ", - дейді облыс әкімдігі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі де бұл ақпаратты жоққа шығарды. Соңғы күндері осы тектес жалған мәліметтердің көбейгенін жеткізді. Айтуынша,  қазір балаларға вакцина салу жайы қарастырылмаған. Сонымен бірге, оқу орындарына да мұндай тапсырма берілген жоқ дейді.  

"Оқушылардың санын жалпы орталық база арқылы білеміз. Қазіргі уақытта бізде 18 жасқа толмаған балаларды вакциналау жүргізілмейді. Вакцинация тек қана ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Ата-анасының рұқсатынсыз, ата-анасының қол хатынсыз вакцинация жүргізілмейді. Және де ешқандай мәжбүрлеу жұмыстары жасалынбайды", - дейді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1900-ге таяу бала коронавирус жұқтырған. Бұл -1 қыркүйектен бері тіркелген жағдай.

"Оқу жылы басталғалы, мың жарым сынып карантинге жабылды. Сабақ қашықтан оқуға ауыстырлды. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша аурушаңдық оффлайн режимде оқуымен байланысты емес", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанға жылдың төртінші тоқсанында "Pfizer" екпесін жеткізу жоспарланған. Ол 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салында деп жоспарланып отыр. Ал, Финляндияда ғалымдар бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерге сынамақ. Тампер университеті ерікті ретінде 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларды қабылдап жатыр.

А.Данияр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931878-mektepterde-12-zastan-asqan-balalarga-vakcina-salu-usin-tizim-zasaqtalyp-zatqany-ras-pa/

pixel